RU Контакты
Зейнетақыны 10%-ға көтеруге өтініш беріңіз
Программа «Национальный фонд - детям»

Балаларға арналған ұлттық қор бағдарламасы

Пенсионные выплаты

Зейнетақы төлемдері

Выписка со счета

Шот бойынша есепшот көшірмесі

Добровольные пенсионные взносы

Ерікті зейнетақы жарналары

Жаңалықтар бюллетеніне жазылыңыз

Қордың соңғы жаңалықтарын алу үшін біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз.

Міндетті зейнетақы жарналары


Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - БЖЗҚ-ға Әлеуметтік кодекске сәйкес №525 Қағидада[1] белгіленген тәртіппен енгізілетін ақша.

МЗЖ мөлшерлемесі – салымшының МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кірісіне және (немесе) жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаста көрсетілген, БЖЗҚ-ға төленетін төлемнің мөлшері.

Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын, арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін интернет-платформа операторы төлеуге тиісті МЗЖ мөлшерлемесі орындаушының өзінің таңдауы бойынша МЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде немесе Әлеуметтік кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мөлшерде айқындалады.

МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын, АСР қолданатын жеке кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі түсініледі.

Бұл ретте айына МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 50 еселенген ең төмен мөлшерінен аспауы тиіс.

МЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) (Шарт) – МЗЖ салымшысы ұсынылған Шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана талаптарын қабылдай алатын қосылу шарты.

МЗЖ салымшысы, МЗЖ төлеу жөніндегі агент МЗЖ есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) МЗЖ есепке жазылған күннен бастап Шартқа қосылған болып есептеледі.

Назар аударыңыз, МЗЖ төлеуден:

Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар босатылады.

Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне сәйкес 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын табысқа жатады. ЖТС ұстау міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылатын зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша жиынтық түрінде жүргізіледі.

Зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салықтық шегерімдер

Салық кодексінің 356-бабының 3-тармағының жұмыскердің кірісінен басқа, жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы

алу

*Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көзделген ЖТС бойынша түзету сомасы

алу

**Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағында және 346-бабының 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерлерде салықтық шегерімдер сомасы.

Салық кодексінің 356-бабының 1-2-тармағына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыс мөлшері келесі тәртіппен айқындалады:

біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы

алу
Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерлерде салықтық шегерімдер сомасы.

Бұл ретте,

*ЖТС бойынша түзетулерге:

қайтыс болу туралы анықтама немесе қайтыс болу туралы куәлік болған кезде 94 еселенген АЕК мөлшерінің шегінде жерлеуге арналған төлемдер жатады;
ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотында ескерілетін кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы жатады;

**салықтық шегерімдер зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа:

14 еселенген АЕК мөлшерінде салық төлеушілердің МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылатын зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін қолданылады;
168 еселенген АЕК мөлшерінде зейнет жасына толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұратын жерге кеткен, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылады.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ -дан сақтандыру ұйымына аудару



Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (СҰ) аударуға құқығы бар тұлғаларға:

зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталған:
зейнеткерлік жасқа толған адамдар:
ерлер - 63 жасқа толғанда;
әйелдер - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда;
45 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін, СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде;

зейнетақы жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен жинақталған:
зейнеткерлік жасқа толған адамдар:
ерлер - 63 жасқа толғанда;
әйелдер - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда;
жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай өздеріне МКЗЖ кемінде төленген, 40 жасқа толған адамдар жатады, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде.

Назар аударыңыз:

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтанушының қалауы бойынша зейнетақы аннуитеті шарты сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсын немесе «МКБ» АҚ болып табылатын, сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның (бұдан әрі – БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым) қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында ақпарат алмасу жолымен жасалуы мүмкін.

Бұл ретте № 44 Қағиданың ережелеріне сәйкес, зейнетақы аннуитеті шарттарын жасау және бұзу, БЖЗҚ мен СҰ арасында, бір СҰ мен екінші СҰ арасында жасалған, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат алмасу БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арқылы СҰ мен БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында, БЖЗҚ мен БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында жасалған тиісті келісімдерде (бұдан әрі – Келісімдер) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

СҰ мен БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында, БЖЗҚ мен БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында алмасуға жататын ақпаратқа Келісіммен анықталған мәліметтер, соның ішінде сақтанушының ЭЦҚ-мен қол қойылған, сақтанушының дербес деректерін, сақтандырылған тұлғаның дербес деректерін жинауға және өңдеуге сақтанушының келісімінің болуы кіреді.

СҰ сақтанушымен (сақтанушылармен) зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімді жасаған/бұзған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтанушымен (сақтанушылармен) жасалған/бұзылған зейнетақы аннуитеті шарты немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім туралы электрондық хабарламаны БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымға Келісімде анықталған тәртіппен жібереді.

СҰ-дан электрондық хабарламаны алған күні БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым алынған мәліметтерді өңдейді және Келісімдерде анықталған тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-ға тиісті электрондық хабарламаны береді.

БЖЗҚ электрондық хабарламаны БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан алған кезде зейнетақы аннуитеті шартын жасаған сақтанушы туралы алынған мәліметтердің БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесіндегі деректерге сәйкестігін тексеруді автоматты түзімде жүзеге асырады және олар сәйкес келген кезде зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аударады.

БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан алынған, СҰ-мен жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары туралы мәліметтер негізінде БЖЗҚ зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аударуды жүзеге асырады.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын СҰ-ға БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан электрондық хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде аударады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларын ескере отырып, көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгенге дейін өтініш берушінің БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішті және зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын ұсына отырып, зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аудару мақсатында БЖЗҚ-ға жүгіну құқығы сақталады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 227-бабының 2-тармағына сәйкес сақтанушы зейнетақы аннуитеті шарты жасалған немесе зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шарттың және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің түпнұсқасын ұсына отырып, БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті.

Зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.

МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.

МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, 40 жасқа толған және жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай өздеріне МКЗЖ төленген адамдар зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.

Бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы СҰ-ға аударылған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, бірақ сақтанушы:

ерлер - 55 жасқа;

әйелдер:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54;
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа;

жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай өздеріне МКЗЖ төленген, 40 жасқа толған адамдар үшін - 50 жасқа жеткеннен кейін жүзеге асырылады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын және бір мезгілде сақтандырылған екі сақтанушы (сақтандырылушы) зейнетақы аннуитеті шартының тарабы бола алады.

СҰ-дан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан (зейнетақы аннуитеті шартын екі тұлға жасаған жағдайда, ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшерінен) төмен болмауы тиіс.

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылғандардың бірі қайтыс болған жағдайда, екінші сақтандырылушы үшін СҰ-дан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адамдар оны жасаған күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару туралы өтінішпен СҰ-ға жүгінуге құқылы. БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының арасындағы айырмаға тең.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған МЗЖ салымшысы және (немесе) өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін зейнетақы шотында қалған және (немесе) жаңадан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын СҰ-мен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін пайдалануға құқылы

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асырады.


Инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруы БЖЗҚ мен ИПБ-ның арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі - зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғаның БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, ИПБ-ны таңдауы (өзгертуі) туралы жазбаша өтініші болған;
БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ кастодиандық шарт болған;
МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары:
МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ны таңдауы (өзгертуі) туралы өтініші келіп түскен күнге осы тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан аспаған кезде жүзеге асырылады. ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына одан кейін беру кезінде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі ескеріле отырып, бұрын берілген зейнетақы жинақтары есепке алынып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі);
не

сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда олардың жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспаған;
ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беруге жататын ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспаған;
МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген ИПБ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беруді Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 37-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, Кодекстің 37-бабы 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шектеулерді ескере отырып, осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес келетін сомада жүзеге асырады.

БЖЗҚ толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда, Кодекстің 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.

ИПБ өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқығы жоқ.

Қолданыстағы ИПБ тізбесімен және олардың инвестициялық декларацияларымен танысу
МЗЖ салымшыларының, өздері үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалардың:

ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алуға;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі жеке жүгінген кезде Кодекстің 37-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген сомада зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ-ны таңдау туралы өтінішті беруге;
БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі жеке жүгінген кезде өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан басқа ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ-ны өзгерту туралы өтініш беруге (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға берген күннен бастап бір жылдан кейін);
БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі жеке жүгінген кезде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтініш беруге (зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген күннен бастап бір жылдан кейін) құқығы бар. Егер зейнетақы жинақтары ИПБ-ны таңдау туралы өтінішке сәйкес сол бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтару зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бастапқы берген күннен бастап бір жылдан кейін жүзеге асырылады;
БЖЗҚ-дан ИПБ туралы ақпаратты және БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға;
БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі жеке жүгінген кезде ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасынан аспайтын сомада ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін оны таңдау туралы өтінішті беруге құқығы бар.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аударған күннен басталатын кезең үшін белгіленген жасқа толғанға дейін жүзеге асырылған нақты енгізілген МЗЖ-ның, МКЗЖ-ның БЖЗҚ-дағы МКЖ, МКЗЖ мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.


ИПБ-ның комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.

Blocked

Телефон заражён!


Обнаружена активность вредоносного ПО. Все контакты, фото и сообщения копируются на удалённый сервер. Для отмены этих действий обратись в КНБ по ниже указанному номеру.


Перейти в WhatsApp